Қайтейік енді
25.03.2026,
в 18:00
192
Шығыс Қазақстанда сирек кездесетін және Қызыл кітапқа енген аң-құстардың саны нақтыланып жатыр, деп хабарлайды 24.kz.
Бұл бағытта Батыс Алтай қорығы мен Катон-Қарағай ұлттық паркінің мамандары арнайы зерттеу жүргізуде. Мамандар орман мен таулы аймақтарға орнатылған фототұзақтар арқылы жиналған деректерді сараптап, сирек кездесетін жабайы жануарлардың мекендейтін орындарын анықтайды. Сонымен бірге қорықшылар таулы аймақтарға көтеріліп, құстардың бұзылған ұяларын қалпына келтіріп, түз тағысына жем-шөп шашып қарайласып жатыр.
Қар барысы мен тау ешкілер бейнекамерадан еш қаймықпайды. Мамандар мұндай заманауи құрылғылар қызыл кітапқа енген аңдардың мекені мен санын анықтауға үлкен көмек дейді. Одан бөлек, мамандар сол деректерді нақтылау үшін қалың орман мен тау-тасты аралап шығады.
Бүгінде Қазақстан аумағында сирек кездесетін, қызыл кітапқа енген жабайы жануардың 57 түрі бар. Кейбірінің тіптен жойылып кету қаупі бар. Ондаған жылдар бойы жабайы табиғатты көзінің қарашығындай қорғап жүрген Мұрат РАИСОВ бұл біздің тікелей міндетіміз дейді.
– Заңсыз аң аулаудың алдын алу мақсатында биылғы жылдары көптеген рейдтер болды. Ішкі істер бөлімінің қызметкерлірімен бірге жүргіздік. Қазіргі жағдайда бүгін мотошанамен жүргізіп келіп отырмыз. Осы маңайда жүрген еліктерді көріп қайттық. Мына жоғары қарай судың бойында сілеусіннің өткен іздері бар екен, – дейді Мұрат Раисов, Өскемен орман шаруашылығының қызметкері.
Мамандар жинаған мәлімет бойынша Алтай тауларында 11 қар барысы, 60-тан астам дуадақ, 90-ға жуық ителгі мен 75 бүркіт мекендейді. Орнитолог Сергей СТАРИКОВ бұл көрсеткішті одан әрі арттыру қажет дейді. Бірнеше жылдан бері ол сирек кездесетін құстардың көші-қон карталарын жасап, олардың популяциясына әсер ететін факторларды зерттеп келеді.
– Қызыл кітапқа құстардың сирек кездесетін түрлерінің 10%-ы ғана енген, ал іс жүзінде бұл көрсеткіш 70 пайыз болуы тиіс. Себебі соңғы жылдары жабайы құстар тез жойылып барады. Өйткені адами фактордың әсерінен бірінші олардың мекен ететін аймағы жойылып жатыр. Тіршілік ету ортасы тарылған соң олар өзге жақтарға қоныс аударып кетеді, – дейді орнитолог Сергей Стариков.
Жабайы аң-құстарды есепке алу ең біріншіден табиғи тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ аң аулау лимитін жасау үшін де қажет.
– Облыс аумағында құстардың 300-ден артық түрі бар. Сонымен қатар сүтқоректілердің 94 түрі бар. Жабайы жануарларды 13 орман шаруашылығы бар қорғайтын. Аумақтық инспекция және құқық қорғау органдарымен қорғалады бұл жануарлардың барлығы, – дейді табиғи ресурстар басқармасы басшысының орынбасары Мерхат ӘМІРОВ.
Елдің шығысындағы қорықтар, табиғи резерваттар мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы аумағы миллиондаған гектарды алып жатыр. Осындай кең аумақтарды қорғау бұрын айтарлықтай қиындық туғызатын. Алайда қазіргі заманғы техникалық мүмкіндіктер бұл жұмысты әлдеқайда тиімді етуге жол ашты. Соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар) табиғатты қорғау ісінде маңызды құралға айналып отыр.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
25.03.2026,
10:00
19.03.2026,
11:10
20.03.2026,
11:15
21.03.2026,
15:00
Реклама
Реклама