Қайтейік енді
12.11.2025,
в 15:00
155
Медеу мен Шымбұлақ арасындағы жолда электромобильдердің қозғалысына шектеу енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Қазіргі уақытта бұл жолмен тек электрокөліктер және арнайы техникаға, яғни, коммуналдық қызмет, жедел жәрдем, төтенше қызметтердің көліктеріне жүруіне рұқсат етілген. Алайда кейінгі кезде айтылған жолмен тауға көтерілетін жаяу жүргіншілер саны артқан. Туристер көліктер жүретін жолмен жүруге мәжбүр, бұл — қауіпті. Әсіресе, адамдар саны күрт артатын демалыс күндері электрлі көлік пен жаяу жүргіншілер бір-біріне кедергі келтіреді. Сондықтан алматылықтар тарапынан жеке көліктердің қозғалысын шектеу туралы ұсыныстар әлеуметтік желіде жиі айтылып келеді.
Осы мәселе бойынша Kazinform агенттігі «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркіне жүгінді. Мекеме мәліметінше, жұмыс күндері жол бөгетінен орта есеппен 300-ден 400-ге дейін электрокөлік өтеді, ал демалыс күндері бұл сан 700-ге дейін жетеді. Айына шамамен 15 мың көлік тіркеледі. Парктің аумағында 20-дан астам компанияға тиесілі 342 электрлі такси бар. Сонымен қатар бір сервис арқылы 2 158 электрокөлік жұмыс істейді. Сонда барлығы — 2,5 мың көлік.
Медеу – Шымбұлақ бағытымен жүруге «Медеу» паркінің деректер базасында тіркелген электромобильдерге ғана рұқсат бар. Қазіргі уақытта базаға 15 024 электрокөлік енгізілген. Ал тіркелмеген көлік иелеріне қозғалыс шектелген.
Мемлекеттік парк жауабына сәйкес, Шымбұлаққа апаратын жол жартастардың арасымен өтетіндіктен, оны кеңейту техникалық тұрғыда мүмкін емес. Қазір «Медеу» мұзайдынының шығыс жағынан жаяу жүргіншілерге арналған соқпақ салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
Сондай-ақ экологиялық бекет маңындағы алаңды абаттандыру және бөгет астында Workout аймағын құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
– Электромобильдер санының тұрақты өсіп келе жатқанын ескере отырып, олардың кіруіне шектеу енгізу мәселесі қаралып жатыр. Бұл шешім адам әрекетінің табиғатқа тигізетін кері әсері және инфрақұрылымға түсетін жүктеме, соның ішінде жолдың электрокөліктерге төзімділігі бағаланған соң қабылданады, – делінген парк жауабында.
Фото: Depositphotos.com.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
11.11.2025,
12:00
09.11.2025,
10:00
07.11.2025,
16:00
06.11.2025,
18:00
06.11.2025,
12:30
Реклама
Реклама