Түркістан облысында дене шынықтыру сабағында құлаған оқушы көз жұмды

Қайтейік енді

31.10.2025,

  в 15:00

303

11 жастағы оқушының өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Прокуратура оқушының өліміне қатысты тергеу аяқталғанша дене шынықтыру мұғалімін жұмыстан шеттете тұруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға Шардара ауданындағы Қ.Аманжолов атындағы жалпы білім беру мектебінде болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқушы дене шынықтыру сабағында құлап, жарақат алған.

Мұғалім мен мектеп фельдшері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, баланы Шардара аудандық ауруханасына жеткізді. Алайда, дәрігерлер бар күшін салғанына қарамастан, оқушы ота кезінде қайтыс болды. Оқиға облыстық білім басқармасының бақылауында, — деп хабарлады ведомство.

Мұғалім әлі жұмыс істеп жүр, мектеп қазіргі уақытта күзгі демалыста. Алайда, Шардара аудандық білім бөлімінің басшысы Жанат МҰСАТАЕВАНЫҢ айтуынша, прокуратура тергеу жүргізілгенше мұғалімді уақытша жұмыстан шеттету туралы ұсыныс берді.

— Бұл мәселе келесі аптада қаралады және мұғалім сабақ басталғанға дейін өз міндетінен уақытша шеттетіледі, — деп түсіндірді Жанат Мұсатаева.

11 жастағы оқушының өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды.

— Қазіргі уақытта полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, барлық мән-жайларды анықтау үшін қажетті шараларды қолға алып жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша құқықтық баға беріліп, заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады, — деп хабарлады Түркістан облысының полиция департаменті.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!