Қайтейік енді
20.01.2026,
в 15:00
166
Жамбыл облысында ер адам «Сергек» камерасына оқ атқаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сот мәліметінше, 2025 жылы желтоқсанда М. есімді тұрғын Сарыкемер – Түймекент – Ақшолақ тасжолында пневматикалық мылтықтан оқ атып, «Сергек» камерасына қасақана зақым келтірген.
Осылайша бір ЖШС-ке материалдық шығын келген.
Сотта ер адам кінәсін толық мойындап, келтірілген залал ішінара өтелгенін жеткізген. Ал жәбірленуші тарап залал толық көлемде өтелмегенін мәлімдеген.
Сот қаулысымен М. ӘҚБтК-нің 147-1-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 196 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енді.
Фото: видеодан кадр / tv24kz.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
20.01.2026,
10:30
14.01.2026,
18:00
15.01.2026,
15:00
15.01.2026,
09:00
16.01.2026,
10:30
Реклама
Реклама