Қайтейік енді
17.12.2025,
в 15:00
553
Мәжіліс депутаты Айдос САРЫМ Каспий құбыр консорциумы терминалының экспорттық инфрақұрылымына жуырда жасалған дрондар шабуылы еліміз үшін айтарлықтай шығын келтіргенін айтты.
Депутат бірақ әлеуметтік желіде мемлекет үшін аса маңызды инфрақұрылымға жасалған шабуылдарды ашық құптап, қолдайтын азаматтар бар екенін байқап қойыпты.
Оның сөзінше, мұндай әрекеттер сөз бостандығына берілетін конституциялық құқық шеңберінен шығып, ұлттық мүдделерге тікелей зиян келтіреді.
Соған байланысты Айдос Сарым Бас прокурор Берік АСЫЛОВ пен ҚР Ақпарат және мәдениет министрі – премьер-министрдің орынбасары Аида БАЛАЕВАДАН ел үшін маңызды инфрақұрылым нысандарына соққы беруге жария түрде үндейтін азаматтардың әрекеттеріне құқықтық баға беруді сұрады.
Депутат мұндай әрекеттерді Терроризмді насихаттау және Мемлекетке опасыздық баптары бойынша саралауды сұрап отыр. Ол инфрақұрылым нысандарын қиратуға шақыратын жария ақпаратты таратуға жол берілмейтіні туралы халық арасында кең көлемде түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру қажет деп санайтынын жеткізді.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
12.12.2025,
13:00
17.12.2025,
12:00
Реклама
Реклама