Жемқорлық жасап, Астанадан пәтер алды

Қайтейік енді

09.12.2025,

  в 16:00

301

Ол – Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы орталық аурухананың бұрынғы бас дәрігері

Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы орталық аурухананың бұрынғы бас дәрігері бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды qazaqstan.tv.

Ол медициналық газбен жабдықтау жүйесіне арналған құрылғыларды сатып алу барысында қаржыны талан-таражға салғаны анықталды.

Күдікті кылмысын іске асыру үшін медициналық жабдықтарды жеткізу саласында тәжірибесі бар танысын тартып,  туыстарының атына тіркелген коммерциялық ұйымдарды пайдаланған. Осы компаниялардың атынан коммерциялық ұсыныстар дайындап, қабылдау актілері мен келісімшарттарды рәсімдеген. Ал жабдықты іс жүзінде басқа компания жеткізген. Есепшоттарына қаржы түскеннен кейін күдіктілер қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, өзара бөліскен.  

– Мемлекетке келтірілген жалпы шығын 115 млн теңгені құрады. Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдікті елордадан екі бөлмелі пәтер сатып алған, сот санкциясымен бұл мүлікке тыйым салынды. Бұрынғы бас дәрігерге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолданылды, ал оның сыбайласы үйқамақта отыр, – деді ҚР ҚМА ресми өкілі Ержан ТАЙЖАН.

Фото: yandex.kz.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!