«Жеңіл несие» жүздеген шаруаның желкесінен шықты

Қайтейік енді

23.11.2025,

  в 15:00

372

6 пайыз несиені екі мыңға жуық шаруа алған. Әрқайсысы кемінде 10 млн теңгеден қарыз рәсімдеген

Жамбыл облысында жеңіл несие алған жүздеген шаруа шаш-етектен шығынға батқан. Олардың айтуынша, қаражаттың 18 пайызын әкімдік субсидия ретінде беруі керек болған. Алайда төрт айдан бері төлем жасалмапты. Соның салдарынан несие пайызы өсіп кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

– Толық төлей алмаймын! Менің 15 немерем, алты балам бар. Бәріміз қазір далада қалайын деп тұрмыз. Қазір екі үй аукционға шықты, төлей алмағандардың үйі! Ертең біз де далада қаламыз. Ақша жоқ деп жатыр. Ол ақшасы жоқ болса, неге береді, – дейді Тараз қаласының тұрғыны Рамазан ТЕРЛІКБАЕВ.

6 пайыз несиені мұнда екі мыңға жуық шаруа алған. Әрқайсысы, ең кемі, 10 миллион теңгеден қарыз рәсімдеген. Енді тығырыққа тірелген шаруалар әкімдіктен әу баста уәде еткен субсидияны сұрап отыр.

Ал саланың басқарма басшысы субсидияның тоқтауын қаржы тапшылығымен түсіндірді.

Шаруалардың қарызы келер жылдың бюджетінен өтелуі мүмкін дейді.

Айта кетейік, әкімдіктің шаруалар алдындағы субсидия бойынша берешегі – 3 жарым миллиард теңгеге жеткен.

Егер бюджеттен қаражат бөлінбесе, онда олар өздері төлеуге міндетті. Ол заң бойынша солай! Қағидада көрсетілген. Олар келісімшартқа соны біле тұра қол қойған, – дейді Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат КӨШЕНОВ.

Фото: видеодан кадр.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!