Қайтейік енді
13.08.2025,
в 13:23
333
“Жаңа Қазақстанның” жастары жасап жүрген осындай схеманы бұл жолы Павлодар қаласының 60 жастағы тұрғыны жүзеге асырып жібермек болды. О кісі 2011-2022 жылдары банктерден 3 млн теңгеден астам тұтынушылық несие алған екен.
Ал 2024 жылдың қараша айында “жұмысқа жарамсызбын, кредитке төлейтін түгім жоқ” деген уәжбен банкроттық рәсімін қолдану туралы өтінішімен сотқа жүгінді. Шынында да оның басында жаман “Жигулиден” басқа мүлкі жоқ, банктегі шоттарында бір тиын жоқ.
Бірақ қаржы басқарушысының қорытындысы бойынша, “банкрот болам” деп үміттеніп жүрген бұл кісінің автокөлігі мен жәрдемақысының болуы, сондай-ақ несиесін төлеуді қасақана тоқтатқаны оны “төлемге қабілетсіз адамдар” санатына жатқыза салмайды. Ендеше оған банкроттық рәсімін қолдануға негіз жоқ.
Сот шешімімен өтініш қанағаттандырылмады.
Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы арызданушының меншігінде жылжымайтын мүлік немесе жер учаскесі жоқ екенін, бірақ оның айтуынша, темірге өткізіп жіберген көлік құралына меншік құқығы тіркелгенін анықтады. Бірақ арызданушы сотқа растайтын құжаттарды ұсынбады (АПК 72-бабы).
2023 жылдың тамыз айында борышкер заң көмегін көрсету туралы шарт жасасқан, оның негізінде 350 000 теңге төлеуге міндеттелген, бірақ 10 айда небәрі 35 000 теңге төлеген.
Банктердің мәліметінше, борышкерге төлемнің оңтайлы шарттары ұсынылған, бірақ ол ешқайсысын қарастырмаған.
Сотта борышкердің төлемге қабілетсіз екені анықталған жоқ.
Шешім өзгеріссіз қалып, қаулы заңды күшіне енді.
Фото: pbs.twimg.com.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
08.08.2025,
21:25
09.08.2025,
10:34
11.08.2025,
09:00
09.08.2025,
16:15
10.08.2025,
12:39
Реклама
Реклама