Абай облысында жол апатынан полицей қаза тапты

Новости

30.07.2025,

  в 16:12

105

Абай облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Апат полиция подполковнигі Дамир ТҰРАЖАНОВТЫҢ өмірін қиды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің басшысы Бектөре СҰЛТАН Instagram парақшасында хабарлады. Ол қайтыс болған полицейдің отбасы мен жақындарына қайғырып, көңіл айтты.

Hyundai Accent көлігінің жүргізушісі айналма жолға қарай келе жатқанда Toyota Highlander маркалы автокөлікпен бетпе-бет соқтығысқан.

Hyundai көлігін Абай облысы Полиция департаментінің екінші бөлімінің бастығы, 1983 жылы туған полиция подполковнигі Дамир Тұражанов тізгіндеген. Жол апаты салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды.

“Оның жанқиярлық еңбегі, антына адалдығы және жоғары кәсібилігі әріптестерінің және оны жеке танитын барша жандардың жүрегінде мәңгі сақталады. Бұл – ішкі істер органдары жүйесі үшін орны толмас қайғы, біз сіздермен бірге қайғырамыз”, – деп жазды полиция генерал-майоры.