Новости
10.04.2026,
в 12:55
63
Алматы облысында 15 жастағы оқушы қызды сегіз жігіт екі ай бойы зорлап келген деген күдік туды. Бұл туралы жасөспірімнің өзі жария етті, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Оның айтуынша, 16-25 жас аралығындағы жігіттер қорқытып, бопсалап, арам пиғылын іске асырған. Екі ай бұрын әлеуметтік желі арқылы жігітпен танысуды жөн көрген қыз, уақыт өте қысымға ұшырадым дейді.
– Түнгі үш жарымда бір-екі рет маған телефон соқты. Біріншісінде алған жоқпын. Екіншісінде ағама айтып қояды деген сөзі есіме түсті де, алдым. «Мен келіп тұрмын, шық» деді. Қорыққаннан шықтым. Бір-екі минуттай әңгіме айттық. Ол кезде нақты не әңгіме, есімде жоқ. Сол кезде маған тисе бастады. Ернімнен сүйді, мойнымнан иіскеді, санымнан ұстады. Мен оның иығынан итердім. Итергеннен кейін ол маған «тиіспе» деп айғайлады, бетімнен шапалақпен ұрып жіберді. Машинаның артына итеріп жіберді де, шалбарымды шешіп, өзінің шалбарын шешіп, еркімнен тыс жыныстық қатынасқа түсе бастады, – дейді жәбірленуші.
Бұл оқиғадан соң қыздың денсаулығы сыр беріпті. Алайда жақындарына ештеңе айтпаған. Ал жыныстық қатынасқа түскен жігіт басқа достарына істеген ісін мақтанып айтты дейді ол. Осылайша бірінен соң бірі «мен сенің жігітпен жатқаныңды ағаңа айтамын» деген желеумен қорқыта берген. Кейін бұл туралы 9 сынып оқушысының жақындары біліп, полицияға арыз жазған. Бірақ әлі күнге дейін бірде-бір жігіт ұсталмаған.
Алматы облысының полиция департаментіндегілер қазір кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түсу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. – Жүргізіліп жатқан жедел-іздестіру іс-шарасы аясында оқиғаға қатысы бар тұлғалар анықталуда, олардың әрекетіне құқықтық баға беріледі. Оқиғаны жан-жақты, толық әрі объективті тергеп-тексеруді қамтамасыз ету мақсатында тергеу тобы құрылды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізілуде. Тергеу Алматы облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, – дейді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Ернар СӘЙДІЛДИН.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
04.04.2026,
14:00
06.04.2026,
18:00
Реклама
Реклама