Новости
13.08.2025,
в 11:47
75
Мәжіліс депутаты Ерлан САИРОВ Пәкістандағы қазақтардың тағдырына алаңдаулы екенін айтып, оларға шұғыл көмек көрсетуге шақырды, деп хабарлайды “Адырна”.
“Пәкістанның Карачи қаласынан Хамит ЖОРАБАЙ деген қазақ бауырымыз хабарласты. Оның айтуынша, осыдан 2 жыл бұрын 40 жанұя, 300 қазақ Ауғанстаннан Пәкістанға босып барған. Оларға Қазақстанның Пәкістандағы елшісі келіп, жағдайды көріп, көмектесуге уәде берген. 30 тамыз күні Пәкістан осы 300 қазақты қайтадан Ауғанстанға депортациялайтындарын мәлімдеген”, — деді депутат.
Саиров бірден Сыртқы істер министрлігіне хабарласқанын мәлімдеді.
“Ведомство бұл жағдай туралы білетінін, алайда көмектесе алмайтындарын мәлімдеді. Айтуларынша, азаматтардың қолында “ұлты қазақ” деген анықтама жоқ. Бұл мәселені шешу үшін қайтадан Ауғанстанға барып, қажет анықтаманы алу керек екен. Ол елге барса, жағдайлары өте қиын болады. Сондықтан мен Үкімет басшысы Олжас БЕКТЕНОВКЕ, Сыртқы істер министрі Мұрат НҰРТІЛЕУГЕ үндеу жариялаймын. Қан су емес. Біз иісі қазақты құтқаруымыз керек. Құрметті азаматтар, 300 қазақты көшіруге жағдай жасайық. Егер мүмкіндігіміз болмаса, БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасынына өтініш жасау керек. Олар 300 қазақты босқын ретінде мойындаулары керек. Сол кезде аталған азаматтардың қауіпсіздігі шешіледі. Құрметті қауым, қолдауларыңызды сұраймын!” — деп толықтырды ол.
Фото: mazhilis.parlam.kz.
Реклама
08.08.2025,
21:25
09.08.2025,
10:34
11.08.2025,
09:00
09.08.2025,
16:15
10.08.2025,
12:39
Реклама
Реклама