Новости
29.09.2025,
в 12:54
367
Режиссёр Думан ЕРКІМБЕКТІҢ дебюттік толықметражды «Qaitadan» фильмі үш апта ішінде 1 млрд теңгеден астам табыс жинап, отандық кинопрокатта көш бастады. Бұл – кино өндірісіне жұмсалған мемлекет қаражатын бес есеге артығымен ақтаған алғашқы жоба, деп хабарлайды «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы».
Бұл фильм – көркем шығарма ғана емес, шынайы сезімге негізделген, терең драмалық мазмұндағы туынды. Кино астарында қауіпсіздік, жауапкершілік пен бірлік жайлы терең ой тастайтын әрі жастарды достыққа, бауырмалдыққа жетелейтін тұстары бар.
Фильмде отбасы институты дәріптеліп, әлеуметтік жауапкершілік пен адамгершілік қағидаттары көрініс табады. Себебі өзіңді ғана емес, айналаңды, тіпті тұтас қоғамды құтқаруға ұмтылу – әр адамның міндеті.
2023 жылы питчинг жеңімпазы атанған бұл жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.
«Бұл – елімізде жас режиссёрлер мен дебюттік жобаларға нақты мүмкіндік беріліп отырғанының жарқын көрінісі. Режиссер Думан Еркімбек, продюсер Жалын ТІЛЕУБЕРГЕН сынды жаңа толқынның бастауы», — дейдіҰлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Басқарма төрағасы Құрманбек ЖҰМАҒАЛИ.
Қазақстанда биыл 12 ұлттық фильм үлкен экранға шықты.
Фото: Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
26.10.2025,
10:00
28.10.2025,
10:30
23.10.2025,
15:30
Реклама
Реклама