Новости
02.02.2026,
в 12:44
137
Ақтөбеде қала сыртындағы Өрлеу ауылының тұрғындары құм, құмды тас өндірісінің жабылуын талап етіп отыр, деп хабарлайды Жетінші арна.
Олар елді мекеннен 300 метр жерде бесінші жыл өндірістік көлемде карьер жұмыс істеп тұрғанын айтады.
«Еріген су жиналып, ауыл шаруашылығымен, егіншілікпен айналысуға мүмкіндік жоқ», – дейді олар.
Осы жерде қала тұрғындары келіп теретін жеміс-жидек те өскен. Оны да қазып тастаған. Құм өндірісі қоршаған ортаға да зиян келтірсе, жаз бойы ала шаңнан тыныстау да қиын.
Ауылдықтар осы мәселені айтып құзырлы органдарға, бас прокуратураға, Президент аппаратына дейін шағымданған. Алайда тек бір-біріне хат жазумен ғана шектеліп отыр.
Әкімдіктің айтуынша, құм өндіруге рұқсат 2023 жылы жерді пайдалану кодексіне өзгерістер енгізілгенге дейін 7 жыл бұрын беріліп қойған. Онда: «карьер елді мекендерден бір шақырым қашықта болуы керек», – делінген.
Бұл мәселе қашан, қалай шешілетіні әзірге белгісіз.
Себебі карьер қазып жатқан фирма осы жерді 25 жылға жалға алып қойған.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
30.01.2026,
09:00
29.01.2026,
16:21
30.01.2026,
10:30
02.02.2026,
13:30
02.02.2026,
12:00
Реклама
Реклама