Новости
24.09.2025,
в 14:58
285
Ақтөбе облысында WhatsApp мессенджері арқылы жасалған екі алаяқтық фактісі тіркелді.
Полиция басқармасына жүгінген жергілікті тұрғын белгісіз біреудің өзін әріптесі ретінде таныстырып, шұғыл ақша қажет деген сылтаумен 50 мың теңгесін иемденіп кеткенін хабарлады.
Дәл осындай жағдай облыс орталығының тұрғынының басынан да өтті. Әйел адам әріптесінің атымен келген хабарламаға сеніп, оның шотына 40 мың теңге аударған. Кейін белгілі болғандай, әріптесінің аккаунтын алаяқтар бұзып кірген.
Аталған екі факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция департаменті ескертеді: Мессенджер арқылы келген ақша сұрауларға бірден сенбеңіздер. Тіпті хабарлама жақын танысыңыздың немесе әріптесіңіздің атынан келсе де, міндетті түрде телефон шалып, нақтылап алыңыздар.
Күмәнді сілтемелерге өтпеңіздер және жеке деректеріңізді бөгде адамдарға жібермеңіздер.
Фото: © Хроника / Айдын Олжаев.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
26.10.2025,
10:00
28.10.2025,
10:30
23.10.2025,
15:30
Реклама
Реклама