Новости
28.07.2025,
в 14:10
50
Осыған байланысты өңірде сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 74 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды 24.kz.
Солтүстік Қазақстан облысында 88 елді мекенде су жоқ. Солардың бір Айыртау ауданына қарасты Комаровка ауылы. Биыл жергілікті тұрғындардың арманы орындалып, мұнда су тартыла бастады.
Комаров ауылында 100-ге жуық үй бар. Тасжол бойындағы елдімекен тұрғындары талай жыл бойы тіршілік нәрінен таршылық көріп келеді. Енді «қара» құдықтың аузы жабылып, әр үйге су тартылады.
— Шындығында келгенде көптен күткен өзі арманымыз еді су дегенің. Бәрі құдықтан алады, қыстың күні қиын. Арманымызға жетіп, мінекей су тартып жатыр. Құдықтың суы енді бір жерде жақсы, бір жерде жаман болады. Бәрі бірдей болмайды ғой. Бүкіл үйлергі кіргізіп жатыр шлангы. Халық өзі үйлеріне дейін, — дейді Комаров ауылының тұрғыны Әнуарбек ТАСТАНОВ.
Биыл Айыртау ауданындағы 12 елдімекенге су тартылады. Бұл мақсатқа бюджеттен 10 млрд теңге бөлінген. Қалған ауылдарға құдық суын тазалайтын блок-модульдер қойылады.
— Айыртау аданында енді кішкентай ауылдар қалды. Бұрынғы отделение дейді ғой, сол отделениелерді бұл бұларға КБМ қойдық. Олардың өздерінің скважиналары бар. КБМ қойдырттық. Енді әрі қарай план развитиемен қарастырамыз бәрін суға қосуға, — дейді Айыртау ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан ЖАНТІЛЕУОВ.
Биыл облыстың сумен жабдықтау жүйесін дамытуға қайтарылған активтер есебінен 45 млрд теңге бөлінді. Оған 30 елді мекенге тіршілік нәрі тартылады. Бұл өңір халқын толық сумен қамтуға мүмкіндік береді.
Фото: 24.kz.
Реклама
29.07.2025,
10:39
23.07.2025,
10:36
Реклама
Реклама