Жаңа көлік 6,8%. Қазақстанда көпшілік қатты ескірген көлік теуіп жүр

Новости

10.11.2025,

  в 15:32

364

Жеңіл машиналардың 41 пайызы 20 жылдан аса қолданыста болған

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, елде алты жарым миллионнан астам темір тұлпар бар, деп хабарлайды 24.kz.

Сондай-ақ, 9700 жүк көлігі, 1500 автобус пен 3500 мотоцикл тіркелген.

Көліктердің жай-күйіне тоқталсақ, басым бөлігі ескірген.

Жеңіл машиналардың 41 пайызы 20 жылдан аса қолданыста болған. 24 пайызының жасы 10 мен 20 жыл аралығында. Қолданыста жүргеніне 3 жыл мен 7 жыл аралығы болған темір тұлпарлардың үлесі 17 процент.

Сондай-ақ су жаңа, яғни 3 жылға жетпеген көліктердің үлесі небары 7 пайызға жуықтайды.

2025 жылы 6,7 млн көлік тіркелген:

Жүк көліктері – 9 700

Автобустар – 1 500

Мотоциклдар – 3 500

Елдегі көліктердің жасы: 41,5% – 20 жылдан астам уақыт пайдаланылған көліктер

24% – 10-20 жыл аралығында қолданылған

10% – 7-10 жылдық көліктер

17% – 3-7 жылдық көліктер

6,8% – жаңа көліктер (3 жылға жетпеген).

Фото: kolesa.kz.