Ешбір құжатсыз еркін жүрген жігіт табылды

Люди Q

17.08.2025,

  в 10:00

277

Өзі қазір төрт баланың әкесі екен

Түркістан қаласы Ордабасы ауданының тұрғыны А. 1994 жылы Бөген ауылында туғанын және Б. мен А. дейтін кісілердің баласын екенін тануды сұрап сотқа жүгінді.

Сөйтсек, бұл А. есімді жігіт 1994 жылы 8 ақпанда Бөген ауылындағы ауруханада туған. Бірақ сол “аумалы-төкпелі” жылдары мұның әке-шешесі тиісті құжаттарды рәсімдемей, балаға туу туралы куәлік берілмей қалған екен.

Отыз жасына дейін оның басында мектеп бітіргенде алған аттестаттан басқа еш құжаты болмапты.

Соған қарамастан шаңырақ құрып жіберіп, төрт баланың әкесі боп отырған жайы бар.

Сонымен генетикалық сараптама бұл жігіттің Д. мен А.-дан туған адам екенін дәлелдеп, “Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” қорытынды шығарып, А.-ның арызы толық қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Фото: istockphoto.com.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!