Шалап
16.10.2025,
в 14:00
304
Тракторшылар жарысында Алматы облысының командасы алда келеді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Таразда трактор тізгіндеген жас мамандар арасында халықаралық жарыс басталды. Онда әр өңірден келген команда ауыр техникамен жер жыртып, егін орып, оны жинаудан шеберлік көрсетеді.
«Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында ұйымдастырылған Агро-Лига шарасына Ресей мен Қырғызстанның командалары шақыртылған. Байқау ережесіне сай, трактористерге бес түрлі тапсырма берілді. Олар жерді өңдеп, дән сеуіп, дайын өнімді шашау шығармай жинауы тиіс. Ол үшін Меркі ауданындағы №9 кәсіптік колледждің базасында егін алқабы мен арнайы техникалар дайындалған. Жас мамандардың өнеріне шетелден келген тәуелсіз сарапшылар баға беруде.
Әзірге студенттер арасында техниканың тілін тауып, берілген тапсырманы тиянақты орындаған Алматы облысының командасы көш басында келеді.
— Әкем де осы салада. Үйде трактор, жүк көліктері, бәрі бар. Әкем кішкентай кезімнен үйретіп, өзім де тез үйреніп кеттім. Төрт жыл болды, басқарып келе жатырмын. Ауылда, далада да жүреміз, — дейді байқауға қатысушы Абзал САЙЛАУБАЕВ.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
19.10.2025,
18:00
20.10.2025,
10:00
23.10.2025,
15:30
19.10.2025,
12:00
Реклама
Реклама