Новости
18.02.2026,
в 11:43
401
Ресейде қияр бағасы қиын боп тұр: желтоқсаннан бергі екі ай ішінде елдегі қиярдың орташа бағасы екі есеге өсіп, бір келісі 300 ресей рублінен асты, деп хабарлайды Reuters ресейлік ресми статистикаға сілтеме жасап.
Сібірдегі кейбір супермаркеттерде қиярдың бағасы импорттық бананнан да қымбат, дүкендер тіпті бір қолға сатылатын қияр санын шектеуге мәжбүр.
Ресей биілігі бағаның төмендейтінін айтып, халықты тыныштандыруға тырысуда. Бірақ «қияр дағдарысы» жекелеген жағдай емес, 2025 жылдың басынан бері Ресейде барлық бағалар 2,1%-ға өсті, оның бір себебі – 1 қаңтардан бастап күшіне енген қосылған құн салығының (ҚҚС) өсуі. Ресейдің Орталық банкі 2026 жылы жылдық инфляция 5,5%-ға дейін жетуі мүмкін деп болжап отыр.
Ресей тұрғындары қазір әсіресе коммуналдық тарифтер, бензин, супермаркеттердегі азық-түлік және мейрамханадағы шоттардың күрт қымбаттағанына шағымдануда.
Мұның бәрі – Украинаға қарсы төрт жылға созылған соғыстың салдары. Ресейдің экономикасы кері кетіп барады: халықаралық санкциялар, капитал мен білікті кадрлардың кетуі және әскери шығындардың артуы халықтың өмір сүру деңгейіне тікелей әсер етуде.
Фото: 1000.menu.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
17.02.2026,
22:50
16.02.2026,
09:00
17.02.2026,
21:01
14.02.2026,
12:00
15.02.2026,
17:00
Реклама
Реклама