Қайтейік енді
01.03.2026,
в 14:00
218
Қасиетті Рамазан айында ниет етіп, ораза ұстайтын оқушылар көбейді. Бірақ мектеп жасындағы ұл-қыздардың ауыз бекітуіне мұғалімдердің дені қарсы, деп хабарлайды Информбюро 31.
Педагогтардың айтуынша, балалар қатарластарынан қалыспау үшін парыздың бірін орындайды. Бірақ құлшылықтың бұл түрі оқу үлгерімі мен денсаулығына кері әсер етеді дейді ұстаздар қауымы. Соңғы кезде қоғамда пікірталас тудырған тақырып туралы ата-аналар мен имамдар не дейді?
Рамазан айында күллі мұсылман қауымы ниет етіп, бес парыздың бірін өтеуге тырысады. Үлкені де, кішісі де таңмен таласа оянып, ауыз бекітеді. Бірақ мектеп оқушыларының бұл қасиетті айдың мән-мағынасын түсінбей, тек еліктеп қана ораза ұстауы сәнге айналғандай.
Ал ұстаздар «ұйқысы қанбай, күні бойы аш жүретін балалардың зейіні төмендейді. Білімге деген құлшынысы азаяды» деп отыр. Мұғалімдер мектепте бір-біріне еліктеп, ораза ұстауды қызық көретін оқушылар көбейгенін жасырмайды. Олардың қатарында бастауыштың да ұл-қыздары бар екен.
– Балалардың қаншалықты ораза ұстағаны дұрыс дегенге менің жауабым. Менің ойымша дұрыс емес. Жасөспірімдер жаңа өсіп келе жатқан организм. Күні бойы аш жүреді де, кешке таман мектептен шыққанда қолдарында кола, тәттілерді ұстап алып тойып алады. Шаршайды. Сондықтан 17 жастан асқанда ораза ұстау керек. Оған дейін болмайды, – дейді педагог Гүлзинат ЕРЖАНОВА.
Ал ата-аналардың дені бала кәмелет жасына толып, өз ісіне жауап бере алатын кезде ғана құлшылыққа, сауапты іске ұмтылған дұрыс деген пікірде. Өйткені оқушылар бар күшін білім алуға жұмсау керек дейді.
Ал, имамдар кез келген құлшылық толыққанды білім алуға, тиянақты жұмыс істеуге кері әсер етпеуі керек дейді. Әрі балиғат жасына жетпеген балаларға ораза ұстау парыз емес екенін ескертеді.
– Жасы кіші оқушылар болады. Жоғарғы сыныптағы оқушылар болады. Балиғат жасына толған балалар, қыз балаларда етеккір көріп бастаған шамамен, ер балаларда половое созревание дейді ғой. Сондай жасқа келгенде ол ақыл-есі толысқан адам болып саналады. Барлық іс-әрекеттеріне өзі жауап беретін адам болып саналады. Сол кезде ұстасын, – дейді «Қызылжар» облыстық орталық мешітінің наиб-имамы Аман МҰХАМЕДЖАН.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
24.02.2026,
10:30
25.02.2026,
09:00
23.02.2026,
09:00
25.02.2026,
11:00
Реклама
Реклама