Қайтейік енді
01.11.2026,
в 12:00
131
Қазақстанға шетелден жеткізілетін азық-түлік көлемі артты. Соңғы сегіз айда өзге мемлекеттерден бес миллиард доллардың тауары импортталған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 6,3 пайызға көп. Әсіресе, Ресейден келетін тауарлардың үлесі ұлғайған екен, деп хабарлайды Информбюро 31.
EnergyProm-ның статистикасына сүйенсек, елге импортталған азық-түліктің жартысы Ресейден жеткізіледі. Көрші елдің сүт, кондитерлік өнімдері, өсімдік майы, қант пен дәнді-дақылдары дүкен сөрелерін толтырған. Тіпті, бидай мен арпаның негізгі үлесі де сол жақтан импортталады.
Фермерлер қауымдастығының өкілдері бұл геосаяси жағдайдың салдары деп топшылайды. Өйткені, ресейлік кәсіпкерлер қазір өнімдерді кедендік одақ елдеріне ғана сатып жатқанын айтады.
– Мына саяси жағдай болғандықтан Ресей баяғыдай өз өнімін сыртқа шығаруға шектеліп отыр. Еуропаға, басқа елдерге шығара алмайды. Және өзінің аумағы үлкен. Көп заттарды өндіретін болғандықтан. Ол артық нәрсені әрине сыртқа сатады. Бұдан бетер біз кеден одағының ішіндеміз. Еуразиялық экономикалық одақ ішінде. Сондықтан олар бері қарай бізге сатады, – дейді Ақпар МӘУЛЕНОВ, Қазақстан фермерлер қауымдастығы басқарма төрағасының орынбасары.
Екінші орында Қытай тұр. Қазақстанға бұл елден келетін азық-түліктің көлемі 24 пайызға артыпты. Беларусьтің сүт, қаймақ, ірімшіктері мен Өзбекстанның пияз, қырыққабат секілді көкөністері де тонналап жеткізіледі.
Тұрғындар импорттық өнімдердің бағасы отандық тауарлардан едәуір арзан дейді.
Ал сарапшылар импорт үлесінің артуы ішкі нарыққа қауіп төндіруі мүмкін дейді. Өйткені баға, өнім көлемі мен сауда саясатына қатысты өзгерістер Қазақстандағы азық-түлік құнына тікелей әсер етуі ықтимал.
– Біз халық саны көп емес елдердің біріміз. Негізі бізге өндіруге, өндіріс жасауға бағаны ұстауға өте қиын. Сондықтан импорттан келген тауарлар өте төмен бағамен келеді. Олар демпинг жасалады. Олардың мүмкіншіліктері жоғары. Әлбетте бұны бәрі қауіпті деп айтуға болады, – дейді экономист Бекнұр ҚИСЫҚОВ.
Соңғы сегіз айда құны 5 миллирд доллар болатын азық-түлік импортталған. Ең көп қаражат шоколад пен какао қосылған өнімдерді әкелуге жұмсалған.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
28.10.2026,
09:00
26.10.2026,
12:00
27.10.2026,
12:00
28.10.2026,
15:00
30.10.2026,
10:30