Австралиядан Астанаға 1100 қой ұшып келді

Қайтейік енді

30.10.2026,

  в 18:00

83

Австралиядан дорпер тұқымды қойлардың алғашқы партиясы жеткізілген екен

Smartnews.kz басылымының хабарлауынша, Қазақстанда асыл тұқымды мал басын көбейтуге бағытталған жоба аясында Австралиядан дорпер тұқымды қойлардың алғашқы партиясы жеткізілді.

30 қазанда Астана халықаралық әуежайына 1 100 қой тиелген жүк ұшағы қонды. Бұл туралы елорда әуежайының баспасөз қызметі жазды.

Жануарлар Астанаға Qatar Airways Cargo әуе компаниясының кең фюзеляжды Boeing 777F жүк ұшағымен жеткізілген. Әуежайдың мәліметінше, бұл әуе кемесі алыс қашықтыққа ұшуға және ірі көлемдегі жүктерді, соның ішінде тірі жануарларды қауіпсіздік пен тасымалдау талаптарын сақтай отырып жеткізуге арналған.

Австралиядан келген алғашқы партия қазақстандық кәсіпорынның жалпы саны төрт мың бас ұсақ мал сатып алу жобасының басталғанын білдіреді. Бүгінгі жеткізілім жоспарланған көлемнің төрттен бірінен астамын құрайды. Ірі көлемдегі тасымал жеңілдетілген несие бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Жоба Қазақстандағы мал шаруашылығын дамытуға және асыл тұқымды мал басын арттыруға бағытталған. 

Фото: t.me/nqzairport.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!