Кеше насыбай атқан бір қазақты полиция ұстап әкетті

Қайтейік енді

30.10.2026,

  в 13:30

164

Өйткені ол насыбайын TikTok-тың тікелей эфирінде атып жіберген екен

Түркістан облысында TikTok-тың тікелей эфирінде отырып, аузына бір шөкім насыбай тығып жіберген қазақтың жігітін полиция жетектеп әкетіп, тергеудің астына алып, заң бойынша жауапқа тартып жіберді.

Әлгі жігіт Түркістан облысындағы Жетісай ауданының тұрғыны екен. Қас қылғанда, ол қатысқан TikTok-тағы тікелей эфирді біреу жазып алып, полицияға хабарлап жібергенге ұқсайды.

Оған штраф салынды. Қу TikTok, құрғыр насыбай мен қатайған полиция ақшалай шығынға ұшыратты.

Ойда жоқта не боп кеткенін ұқпай қалған 40 жастағы жігітке полицейлер «құқыққа қайшы контент жариялау» деген бапқа ілігіп кеткенін түсіндіріп, камераға кешірім сұратып, «менікі дұрыс болмады, енді қайталамаймын» деген сарындағы сөздерін видеоға жазып алды.

Полиция әлеуметтік желіде жарияланған әрбір әрекеті ешкім жазадан құтылмайды деп күллі қазаққа ескертеді!

Енді тікелей эфирдегі ештеңе полицияның назарынан тыс қалмайды.

«Жарияланатын контентіңе жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын сақтаңдар» деген кеңес береді.

Фото: видеодан кадр.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!