Қайтейік енді
12.10.2026,
в 13:36
318
Қызылорда облысында полиция қызметкерлері қоғамдық орында мас күйде жүрген тұрғынды анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Тексеру кезінде азаматтың алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орында масаң күйде жүргені белгілі болды.
Бұдан бөлек полиция қызметкерлері оның қоғамдық тәртіпке қатысты тағы бір құқық бұзушылық жасағанын да анықтады.
Атап айтқанда, ол қоғамдық орында темекі тұқылын арнайы белгіленбеген жерге тастаған. Азамат бұл әрекетін бір жыл ішінде қайталаған. Осыған байланысты полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтың алдын алып, оған қатысты тиісті әкімшілік шара қолданды. Сот шешімімен 30 жастағы облыс тұрғыны 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, қоршаған ортаны ластамауға және заң талаптарын бұзбауға шақырады.
Фото: polisia.kz.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
06.10.2026,
18:00
08.10.2026,
10:30
12.10.2026,
09:00
08.10.2026,
13:30