Камераға «фак» көрсеткен жігітті полиция кешірмеді

Қайтейік енді

08.10.2026,

  в 15:00

131

Ондайлардың саусағын жұлмаса да, заң бойынша соттап, жауапқа тартады

Алматы облысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларына «мониторинг жасап», қарап отырса, Алматы – Шелек – Қорғас автожолының 140-шақырымында бір жүргізуші мемлекеттік тіркеу нөмірін қасақана жасырып қойып, камераға ортаңғы саусағын көрсетіп өте шығыпты.

Бұл «бұзақылық сипаттағы әрекетке» шыдамаған полицейлер орындарынан атып тұрып әлгі бейнежазбадағы Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісін тауып, жолдан тоқтатып алды.

Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиісті баптары бойынша хаттамалар толтырылды.

Жиналған материалдар құқық бұзушыны жазалау үшін сотқа жолданды.

Фото: видеодан кадр.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!