Енді 50 жастан асқандар мектеп күзетшісі бола алмайды

Қайтейік енді

07.03.2026,

  в 16:00

289

Бұған дейін мектептердің басым бөлігінде күзет қызметін көбіне зейнеткерлер атқарып келген

Енді мектеп күзетшісі болу да оңай емес, деп хабарлайды Информбюро 31.

Үкімет білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік талаптарын күшейтіп, жаңа ереже енгізді. Оған сәйкес, ағарту ошағында жұмыс істейтін күзетшілер 25 пен 50 жас аралығында болуы тиіс.

Бұдан бөлек, олардың арнайы даярлығы мен дене дайындығы да тексеріледі.

Ал кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс жасаған немесе бұрын сотталған адамдар мұндай жұмысқа мүлде жіберілмейді.

Бұған дейін мектептердің басым бөлігінде күзет қызметін көбіне зейнеткерлер атқарып келгені жасырын емес.

Жаңа талап күшіне енген соң, кейбір мектептер уақытша күзетшісіз қалған. Себебі наурыздан бастап жасы 50-ден асқан қызметкерлер жұмыстан босатылған екен.

Қазір білім ошақтарында жаңа талапқа сай күзетшілерді қабылдау жүріп жатыр.

Фото: видеодан кадр.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!