Қайтейік енді
01.08.2025,
в 16:04
563
Бурабай аудандық сотында Щучинск қаласының 21 жастағы тұрғыны К.-ға қатысты адамдар тобымен психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз сатып алды, сақтады және тасымалдады деген айыппен (ҚК 297-бабы 3-бөлігінің 1,3) тармақтары) қылмыстық іс қаралды.
Сотта анықталғандай, 2025 жылдың сәуірінде К. әлеуметтік желіде хабарландыру бойынша “есірткіні орналастыруды” жүзеге асыру, яғни психотроптық заттарды өткізу бойынша курьер болып жұмысқа келісті. Кейін, К. психотроптық заттарды өткізу мақсатында, аса ірі мөлшерде сатып алды, тасымалдады және өзімен бірге сақтады. “Амир” есімді аккаунттың пайдаланушымен келісе отырып, К. орамдарды орналастыру бойынша нұсқаулық алған.
Оны полиция қызметкерлері ұстаған кезде, К. өз еркімен психотроптық заттарды берген, сондай-ақ өзі көрсеткен жерлерде орамдар алынды.
К. кінәсін мойындап, өкінді, үйлену тойына ақша табу үшін осындай жұмысқа келіскенін айтты.
К.-ның кінәсі психотроптық заттары бар 88 орам, 19 пакеті бар түйіндер, “Амир” есімді тұлғамен телефондағы хат-хабарлармен дәлелденді.
Жаза тағайындауда сот кінәні мойындау, істеген ісіне өкіну, жас болуын, соттылықтың жоқтығын жеңілдететін мән-жайлар деп ескерді.
Сот үкімімен К. 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Фото: ашық дереккөзден.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
29.07.2025,
10:39
29.07.2025,
22:22
29.07.2025,
12:52
29.07.2025,
15:12
Реклама
Реклама