Новости
01.08.2025,
в 14:50
114
1997 жылы Ниццада өткен концерт кезінде Майкл Джексон киген, кристалдармен әшекейленген шұлық Франциядағы аукционда сәрсенбі күні 6200 еуроға сатылды, деп АЗӘРТАДЖ жазды, дейді ҚазАқпарат.
Аукцион ұйымдастырушылары бұл шұлықты «культтік бұйым» деп атап, музыкалық жәдігерлердің сатылымына енгізген.
Техник мамандардың бірі бұл шұлықты Джексонның грим бөлмесінің маңында концерттен кейін тасталған күйде тауып алған.
Поп музыкасының королі бұл ақ түсті спорттық, жылтыр тастармен безендірілген шұлықтарды 1997 жылғы HIStory World Tour әлемдік турне кезінде киген.
Майкл Джексонды бұл шұлықпен «Billie Jean» әнін орындап жатқан бейнебаяндардан көруге болады.
Одан бері бірнеше онжылдық өтсе де, шұлық әлі сақтаулы. Дегенмен, ол ақтығын жоғалтып, дақтар пайда болып, тастардың түсі сарғайып кеткен.
Бұл бұйым бастапқыда маусым айында аукционға қойылғанымен, сол кезде сатып алушы табылмаған. Бастапқы бағасы 2500 еуро болған, ал болжамды құны 3000-4000 еуро шамасында деп бағаланған еді.
Фото: Hôtel des ventes de Nîmes.
Реклама
29.07.2025,
10:39
29.07.2025,
22:22
29.07.2025,
12:52
29.07.2025,
15:12
Реклама
Реклама