Ажырасып кеткен соң “экс-күйеуімен” пәтерде кездескен

Қайтейік енді

02.08.2025,

  в 12:00

269

Оның ақыры әйелдің өліміне әкеп соқты

Ақмола облысы Жақсы аудандық сотында абайсызда өлімге әкеп соққан денсаулыққа ауыр зиян келтіру бабымен (ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі) қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, К. (экс-күйеу) және А. есімді бұрынғы ерлі-зайыптылар ажырасқаннан кейін “айтатын әңгіме бар” деген желеумен А.-ның пәтерінде кездескен. Кездесу барысында еркек бұрынғы әйелінің телефонын тексеріп, оның басқа еркекпен жылы сөйлесіп жүргенін көрген соң ашуланып, дөрекі сөздермен А-ны ұрып-соққан.

Әйел де қарап қалмай, К-ны тілмен шыққан соң, бұл үстелде жатқан қайшыны әйелдің мойнына қадапты. Әйел ауруханада қайтыс болды.

Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындады, шын өкінді. Жәбірленуші тарап сотталушының кешірімін қабылдап, моральдық шығын өндіріп алудан бас тартты.

Сот үкімімен К. 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қылмыстық істі қарау барысында марқұм әйелдің мемлекеттік тұрғын үй берілетін адамдар санатына жатпаса да мемлекеттік тұрғын үй қорын пайдаланғаны анықталды. Қанды қылмыс сол пәтерде орын алған.

Сот аудан прокуроры, полиция департаментіне құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарының жоқтығы туралы, облыс әкіміне мемлекеттік тұрғын үй қорын нысаналы пайдаланылуын қадағалау жұмысының жоқтығы туралы хабарлап, шара қабылдау үшін жеке қаулы шығарды.

Сот актілері заңды күшіне енген жоқ.

Фото: Hinterhaus Productions/Getty Images.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!