Жекеменшік мектеп оқушылары қазақтың қолөнерін меңгерді

Ду шапалаq

15.03.2026,

  в 16:00

205

Алматыдағы Shoqan School «Ұлттық фестиваль – 2026» өткізді

Алматыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектептің бірінші сынып оқушысы Мадинаның қолында ата-бабаларынан қалған киелі ою-өрнектер қайта тірілді. Бұл сыныпта ең кішкентай оқушылар киіз үй пішініндегі сандықшалар мен асықтарды бояп, безендіріп отыр.

Балаларға киіз үйдегі ою-өрнектің жай ғана әшекей емес, көшпенділердің қасиетті өнері, береке мен бақыттың белгісі екені түсіндірілді. Әр өрнектің өз мәні, жасырын мағынасы бар. Оны түсінген адам халықтың ерекше мәдени кодын тани алады.

Басқа сыныпта балалар қазақтың тәтті тағамы – женттің қалай жасалатынын қызыға көрді.

Өз қолдарымен құрт домалатты:

Қашан жейміз, деп асыға күтуде.

Иә, элиталық мектептерде әдетте халықаралық емтихандар, шетелдік университеттер мен цифрлық дағдылар туралы айтылады. Бірақ заманауи білім беретін Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп балаларды дәстүрден алыстатпай, керісінше, оған жақындата түсуді жөн санапты.

Мектеп ұйымдастырған «Ұлттық фестиваль – 2026» мерекесінің арқасында сегізінші сынып оқушысы Сағила алғаш рет ерекше құралды қолына алып, киізден жіп иіріп, апаларымыздың ғажап қолөнерін үйреніп көрді.

Бұл күні барлық сыныптарда шақырылған шеберлердің көмегімен балалар тұмар мен тақия тігіп, хош иісті шамдар жасап, киім мен сандықшаларға ұлттық өрнектер салып, нағыз өнер туындыларын жасады.

Қазақ мәдениетіндегі ең маңызды өнердің бірі – дәстүрлі құрақ көрпе тігу. Бұл – отбасы тарихы мен ұрпақ сабақтастығының символы.

Құрақтағы өрнектер табиғи пішіндер мен белгілерден құралады: бұрын әжелер мен аналар оған өз әулетіне арналған ізгі тілектерін тігіп қалдыратын. Мата қиықтары ешқашан тасталмайтын – әр бөлік өрнектен өз орнын табатын. Бүгінгі тілмен айтсақ, бұл әрі экология, әрі үнемшілдік мәдениеті. Осылайша жай тұрмыстық бұйым емес, ұлттық болмыстың бір бөлшегі дүниеге келетін.

Бұл күні Shoqan School-де ұзындығы төрт метрден асатын ерекше, әсем құрақ көрпе жасалды.

Күні бойы музыка да үзілген жоқ. Мұнда әр оқушы ұлттық аспапта ойнай алады. Себебі домбыра сабағы – міндетті пән.

130 оқушы көктемгі Көрісу күніне арналған «Домбыра – дастан» атты музыкалық шеруге қатысты. Жас музыканттарды қолдау үшін халықаралық Golden Time Talent байқауының лауреаттары – домбырашылар Ернат НАУРЫЗ бен Темірлан ОЛЖАБАЙ келді. Олармен бірге сахнада мектептің негізін қалаушы Әсел ТАСМАҒАМБЕТОВА да өнер көрсетті.

«Бүгін мен үшін ерекше қуаныш – оқушыларымызбен бірге домбыра тарту. Біздің мектепте қазақ мәдениетіне қызығатын көптеген дарынды балалар өсіп келеді. Біз оларға сапалы білім берумен қатар, өз тамырымен байланысын сезінуге көмектесуге тырысамыз», – деді Әсел Тасмағамбетова.

Бұл шараға өз отанын мақтан тұтып, оны әлемге паш етіп жүрген тревел-блогер Дастан МҰХАМЕДРАХИМ де келген екен. Ол 2026 жылғы WIBA Awards халықаралық сыйлығының «Әлемнің үздік travel-блогері» номинациясының иегері. Оны мектептің жоғары сынып оқушылары да, мұғалімдері де зор қошеметпен қарсы алды.

Shoqan School-де қазақтың ұлттық өзіндік болмысына қашан да ерекше мән берілген. Бұл мектеп өзге жекеменшік мектептерден осы қасиетімен ерекшеленеді. Мұнда балалар тек заманауи білім алып қана қоймай, өз тегінің қайдан шыққанын түсінуге таплынады. Оқушыларға Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне құрмет сезімі дарытылып, олардың бойында Отанға деген мақтаныш қалыптастырылады.

Сондықтан мектеп түлектері әлемнің үздік университеттерінде білімін жалғастыра отырып, өз тамырымен байланысын сақтап, қазақ мәдениетінің нағыз амбассадорларына айналады.

Қазіргі заманның жекеменшік мектебінде цифрлық технологиялар мен шет тілдерімен қатар, ұлттық музыка мен апаларымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жеткен қолөнеріне де орын табылғаны содан болар.

Фото: Ілияс Қалымбаев, Анар Құмарбекова.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!