Қайтейік енді
05.04.2026,
в 16:00
157
Гүлзарда гүлдер солып, ағаш жапырақтары сарғайып кеткен. Сарапшылар мұны күннің қатты ысуымен байланыстырады, деп хабарлайды 24.kz.
Шымкент қаласының орталығындағы алаң қазір құдды бір күзгі пейзажға ұқсайды. Жаз енді басталып жатса да мұндағы жасыл желек толығымен қурап қалған. Оған қоса үйілген қоқыстан да көз сүрінеді.
Мамандар өсімдіктердің қурап қалуына күтіп-баптаудан бөлек, күн райы да әсер еткенін айтады. Сондай-ақ орталық алаңдардағы қызмет көрсету жұмыстарына қатысты да мәселе бар.
– Біз «Манеж» скверін 2025 жылы мердігер мекемемен бір жыл келісім шартқа тұрып, күтіп ұстау жұмыстарын жүргізбенбіз. 25 жылға дейін қараусыз қалған скверге жатқан. Қазіргі таңда келісім-шарт аяқталуына байланысты мемлекеттік сатып алу конкурсына жарияланды. Алдағы уақытта жеңімпаз анықталып, қайта қалпына келтіру және күтіп ұстау жұмыстары жүргізілетін болады, – дейді Абдолла ИСАТӨРЕ, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бас маманы.
– Мердігер ұйым анықталғанша жағдай мүлдем қиын болып кетуі мүмкін. Өйткені жасыл желекке қазір күтім керек. Менің ойымша, бұл процесті жеңілдеткен дұрыс. Келісім-шартқа бір жылға емес, бірден бес-алты жылға отырған абзал, – дейді Алтай ОРДАБЕКОВ, «Байтақ» жасылдар партиясы филиалының төрағасы.
Мемлекеттік сатып алу порталының деректеріне сәйкес, ShymCity, «Сәуле» және «Манеж» саябақтарын күтіп ұстауға арналған байқау 9 ақпанда жарияланды. Кейін ол белгісіз себептерге байланысты жойылған.
Ал наурыздың 31 күні құны 238 миллион теңгеден асатын лот қайта жарияланды.
Жаңартылған құжатта ағымдағы жөндеу жұмыстары да қарастырылған. Ал мердігер ұйым тек конкурстық рәсімдер аяқталғаннан кейін белгілі болмақ.
Бір өкініштісі, сарғайып бара жатқан саябақтардың ешқандай конкурс нәтижесін күтпейтіні ақиқат.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
30.03.2026,
09:00
02.04.2026,
12:00
03.04.2026,
11:00
03.04.2026,
12:08
Реклама
Реклама