Қайтейік енді
07.04.2026,
в 15:00
382
Жастар шаршады. Арнайы жүргізілген зерттеуде 75 пайызы күйзелісте жүр деген қорытынды шығарылды. «Мотивация жоқ» деген сөз күнделікті тіркеске айналған. Бұл жай көңіл күй емес, қоғамдағы жаңа психологиялық үрдістің көрінісі, деп хабарлайды “Астана” телеарнасы.
Халықаралық индекс бойынша, Қазақстан психикалық денсаулық деңгейінде 84 елдің ішінде 68-орында. Статистикаға сүйенсек, жастардың шамамен 60 проценті күніне 46 сағатын смартфон мен әлеуметтік желіде өткізеді. Қозғалыс белсенділігі төмен, 40 процентке жуығы ұйқы режимін сақтамайды. Мұның бәрі шаршаудың жиналуына әсер етеді. Сонымен қатар, жастардың едәуір бөлігі нақты өмірлік мақсаттарын айқындамаған. Бағыттың болмауы ішкі күйзелісті күшейтеді.
Мамандардың айтуынша, күйзеліске түсудің басты себебі – әлеуметтік салыстыру. Көпшілігі өз жетістігін басқадан төмен бағалап, өзін өзгемен жарыстыруға әуес. Ал психологтар миға түсетін шамадан тыс ақпарат ағыны жүйкені әлсіретіп, адамның тез қажуына әкеледі дейді.
– Қазіргі жастардың арасындағы үнемі мынау қоғамда өмір сүріп жатырмын, мына ақпараттың өте көп тасқыны, әртүрлі мынау әлеуметтік желідегі ақпараттар, бұның барлығын біздің миымыз өңдеп үлгере алмай қалады. Талдау жасай алмайды. Сондықтан да біз ол нәрседен адамдардың миы тезірек шаршап қалады да ақпаратты көтере алмайды. Сондықтан да олар тез шаршайды, – деп қояды психолог Балабек САҚТАҒАНОВ.
Дәрігерлер күйзелістің тек психологиялық емес, физиологиялық себептері де бар екенін алға тартады. Ұйқының бұзылуы, дәрумендер мен микроэлементтердің жетіспеуі ағзаның қалпына келу процесін әлсіретеді. Соның салдарынан адам өзін үнемі шаршаңқы сезінеді, ал бұл өз кезегінде көңіл күйдің төмендеуіне әсер етеді.
– Біріншіден, негізгі себебі дәрумендердің жеткіліксіздігі. Өйткені қазір біздің көп балаларда дәрумендер және микроэлементтер жеткіліксіз. Одан кейінгі себебі – ол ұйқысыздық. Ұйқысы дұрыс болмағандықтан, мелатонин гармоны дұрыс бөлінбейді де. Сол себепті ми тынықпайды. Яғни, дене тынықпайды. Соның әсерінен келесі күні көңіл-күйдің төмендеуі мүмкін, – дейді терапевт Балым БҰЛАНОВА.
«Күйзелісті елемеу жағдайды ушықтыра түседі.» Мамандар осылай деп дабыл қағуда. Ақпаратты шектеу, дұрыс ұйқы режимін қалыптастыру және нақты мақсат қою – бүгінгі жас үшін басты қорған. Себебі сананы сақтамай, сапалы өмір сүру мүмкін емес.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
03.04.2026,
11:00
02.04.2026,
12:00
03.04.2026,
12:08
04.04.2026,
14:00
Реклама
Реклама