Новости
07.04.2026,
в 13:11
136
Енді желіде пікір жазған адам жауапқа тартылуы мүмкін. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлап отыр, дейді «Тіл кеспек жоқ» басылымы.
«Пікір не жазба жарияламас бұрын оның салдарын түсіну қажет. Жала жабу, қорлау немесе көрінеу жалған ақпарат тарату заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады», – деп жазылған ескертуде.
Прокуратура «жалған ақпарат таратпауға шақырып, ескерту жасады.
«Сөз бостандығы – шексіз еркіндік емес. Ол басқа адамдардың құқығын бұзуға сылтау бола алмайды. Кез келген ақпарат тексерілген фактілерге негізделуі тиіс», – делінген ескертуде.
Яғни «сөз бостандығы шексіз еркіндік емес».
Қазақстан «Шекарасыз тілшілер» халықаралық ұйымының сөз еркіндігі бойынша 180 елдің арасында 141-орында тұр. Әзірге.
Фото: Podrobno.uz.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
03.04.2026,
11:00
02.04.2026,
12:00
03.04.2026,
12:08
04.04.2026,
14:00
Реклама
Реклама