Қайтейік енді
14.04.2026,
в 13:30
370
Биылғы жылдың маусымнан тамызға дейінгі кезеңінде Алматы – Балқаш – Алматы бағыты бойынша тікелей әуе рейсі іске қосылады. Ұшуларды аптасына бес рет SCAT Airlines әуе компаниясы орындайды. Бағытта 50 жолаушыға дейін сыятын CRJ 200 әуе кемелері пайдаланылады, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.

Сонымен қатар, осы кезеңде Астана – Балқаш – Астана бағыты бойынша күн сайынғы әуе қатынасы жолға қойылады. Тасымалдаушы ретінде Qazaq Air әуе компаниясы қызмет көрсетеді. Бұл бағытта 78-ден 86 жолаушыға дейін сыйымдылығы бар Bombardier Q-400 ұшақтары қолданылады.
Бір бағытқа билет бағасы тұп-тура 16 000 теңгені құрайды. Өйткені аталған екі бағыт та мемлекет тарапынан субсидияланады.
Жаңа әуе рейстерін іске қосу өңірдің көлік қолжетімділігін едәуір арттырып, Балқаштың туристік әлеуетін жандандыруға серпін береді. Сонымен қатар, бұл бастама өңірге келушілер ағынын көбейтіп, инвестициялық тартымдылығын күшейтуге ықпал етеді.
Фото: flickr.com/Anna Zvereva.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
11.04.2026,
14:00
11.04.2026,
12:00
10.04.2026,
15:00
Реклама
Реклама