Қайтейік енді
22.04.2026,
в 13:30
290
Жалына жабысқан кене жылқыны да сұлатқан. Бұл жағдай Ақмола облысы Жақсы ауданында болып отыр. Жаңа-Қима ауылында бірнеше жылқы тізерлеп, жүре алмай қалған, деп хабарлайды Жетінші арна.
Сонымен қатар, жылқы жем-шөп жемей мүлде жатып қалған. Жергілікті ветеринарлар жылқылардың мұндай күйінің себебін бірден анықтай алмапты.
Кейін аудандық мамандар келіп, тексеру жүргізді. Олар ем беріп, қажет талдаулар алды. Мамандардың айтуынша, бұл ауру – жұқпалы емес.
– Жүргізілген тексеру барысында жылқының жалының астынан көп кене табылды. Айта кету керек, мал иелері де белсенді әрекет етті. Арнайы шұңқыр қазып, жылқыны дұрыс орналастыру арқылы артқы бөлікке түсетін салмақты азайтқан. Ветеринарлық қызмет тарапынан бактериологиялық зерттеу үшін қан алынды. Сонымен қатар, бірден ем тағайындалып, жүйе қойылып, қажет дәрі-дәрмек, оның ішінде антибиотиктер енгізілді, – дейді Виктория ИМАНБАЕВА, Жақсы аудандық ветеринария станциясының басшысы.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
16.04.2026,
13:30
19.04.2026,
16:00
17.04.2026,
18:00
20.04.2026,
09:00
16.04.2026,
12:00
Реклама
Реклама