Абай облысында ақшадан қысылған ерлі-зайыпты порностудия ашты

Қайтейік енді

30.04.2026,

  в 15:00

276

Олар жас қыздарды іріктеп, оларды бейнеге түсіріп, жазбаны сатып жүрген

Абай облысында бірнеше қалада порностудия ұйымдастырған ерлі-зайыпты ұсталды, деп хабарлайды Жетінші арна.

Олар тұрақты табыс табу үшін жас қыздарды іріктеп, оларды бейнеге түсіріп, бейәдеп жазбаны интернет арқылы сатып отырған.

Түсірілімге арнайы орын дайындап, желілік вебкам-бизнесті пәтерлерде ұйымдастырған.

Енді отбасының қаржылық жағдайын заңсыз жолмен жақсартып келгендер тергеліп жатыр.

– Абай облысында жүйелі табыс табу мақсатында Қазақстанның бірнеше қаласында вебкам-бизнеске арналған порностудиялар ұйымдастырған ерлі-зайыптылар ұсталды. Олар өзара міндеттерді бөлісе отырып, модельдік келбеті бар жас қыздарды іздеумен және тартумен, сондай-ақ порнографиялық сипаттағы түсірілімдер жүргізуге арналған орындарды ұйымдастырумен айналысқан. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, – деп хабарлады ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық АЛПЫС.

Фото: видеодан кадр.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

https://hronika.kz/kaiteyk-endy/shymkentte-zhas-%d2%9byz-zhal%d2%93an-prodyuserge-zhala%d2%a3ash-suretterin-zhiberdi