Қайтейік енді
05.05.2026,
в 13:00
253
Жетісу облысы Балпық би ауылындағы мектепке сыймаған оқушылар кітапханада білім алып жүр. 700 балаға арналып салынған ғимаратта қазір екі ауысыммен 1200 бала оқиды. Ең сорақысы, ширек ғасыр бұрын салынған білім ошағының қазіргі жағдайы адам шошырлық, деп хабарлайды Информбюро 31.
Қабырғасы көгерген, шатыры тозған, едені опырылған. Күрделі жөндеу жұмыстары жасалады дегенмен, қаржы әлі бөлінбепті.
Балпық бидегі мектепте шығармашылық студия, зертхана, роботехника кабинеті мүлдем жоқ.
Ол аздай балаларға дене шынықтыру пәнін өткізетін қарапайым стадион да салынбаған. Ойнауға спорт зал, оқуға кабинет тарлық етеді.
Мектеп кітапханасы қазіргі жағдайда оқу залына емес, уақытша сыныпқа айналған. Кабинет жетпеген соң балалар осы жақта отырып сабақ өтуге мәжбүр. Сондықтан кітапханашы мұғалімдер сабақ өткізсін деп өз жұмысымды кейінге қалдырамын дейді.
– Оқушылар кітапхана таңертеңгі уақыттан түске дейін сабақ оқиды. Ол кісілер сабақ өткенде біз тыныш қана қағаз толтырып отырамыз оларға кедергі жасамас үшін. Мен келгелі солай 1 жыл болды, – дейді кітапхана меңгерушісі Самал ДЕМЕУБАЕВА.
Нұрмолда Алдабергенов атындағы орта мектеп 1961 жылы салынған. Соңғы рет 20 жыл бұрын жөндеуден өтіпті. Алайда қабырғасы қайта құлап, едені әбден тозған. Жергілікті мамандар жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы сметалық құжаттарды әзірледік дейді. Бірақ облыс үнсіз. Қаржы әлі бөлінбепті.
– Мектептің сыйымдылығы 700 балаға арналған. Мектептің жағдайын түзеу үшін былтырғы жылы сметалық құжаттама даярланған. 1,5 миллиард теңгеге құжаттамамыз бар. Қаражаттың бөлінетіні нақты деп мен айта алмаймын, – дейді Көксу аудандық білім бөлімінің басшысы Қуат ТҰЗБАЕВ.
Жыл сайын оқушы саны артып келе жатқан мектептің қашан жөнделетіні белгісіз. Ал оған дейін балалар тозығы жеткен ғимаратта қыстырылып-қымтырылып білім алуға мәжбүр.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
01.05.2026,
16:00
29.04.2026,
09:00
02.05.2026,
12:00
05.05.2026,
11:40
04.05.2026,
13:30
Реклама
Реклама