Қайтейік енді
09.05.2026,
в 18:00
265
Алматыда Абай университетінің сегізінші қабатынан секіріп кеткен студент жер қойнына тапсырылды. Оқуда озат болған бозбаланың бұл әрекетке баруына не түрткі болғаны белгісіз. Әйтеуір білім ордасындағылар өзіне шаң жуытпай отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Олар қайғылы жағдайға мұғалімдердің емтиханнан өткізбей қоюуы себеп дегенді жоққа шығарды.
Философия факультетінде оқыған Бақтияр оқу ғимаратының сегізінші қабатынан секіріп кеткен. Студент алдымен тұрған көліктің үстіне, сосын жерге құлапты. Жігіт алған жарақаттан тіл тартпай кетті. Ол жерде оқиғадан кейінгі қан іздері әлі байқалады.
Жиырма жастағы Бақтияр ТАСБОЛАТОВ оқуға биыл түскен. Бірінші курсты аяқтауға бір ай қалғанда мұндай әрекетке неге барғаны белгісіз.
Ұстаздарының айтуынша, студент оқиға болар күні сессия тапсыруы керек еді. Бірақ дәл сол уақытта өзіне қол жұмсаған.
Алайда университет басшылығы суицидтің «емтиханға еш қатысы жоқ» дейді.
– Біріншіден, оның себебіне байланысты. Секіру мотивациясы анықталмай, біз оны бірден мынадан немесе ауа райынан немесе бір өзінің көңіл күйі болмағандықтан деп айту асығыстық болады. Университет тарапынан академиялық білім бағдарламасы кезінде, күн тәртібі кезінде балаға ешқандай қысым болған жоқ. Бала 30 студенті бар топта оқып жатқан жоқ. Бала өзінің мамандығы бойынша жалғыз өзі бір топта. Өзі ғана оқып жатқан бала, – дейді Мақсат ЖАҚАУОВ, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің проректоры.
Марқұм үйінің жалғыз ұлы, әрі асыраушысы болыпты. Университет басшылығы жігіттің өлімін отбасындағы жағдаймен байланыстырады. Себебі, марқұмның анасы ауырып, екі аяғынан айырылған. Ал әпкесінің көзі көрмейді. Тағдыр тауқыметін тартқан отбасы стипендияға азық-түлік алып күнелткен деседі. Бозбала күйбең тіршіліктен шаршағандықтан, осы әрекетке барған деп болжап отыр.
Қазір полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған.
– Аталмыш дерек бойынша Медеу ауданы полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалды. Себеп-салдары және толық мән-жайы анықталуда, – деді Салтанат ӘЗІРБЕК, Алматы қаласы ПД ресми өкілі.
Марқұм бүгін жер қойнына тапсырылды. Қазір оның жақындары тілшілермен тілдесетін жағдайда емес. Ал университет басшылығы қара жамылған отбасыға жан-жақты көмек көрсетеміз деп сендірді.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
05.05.2026,
11:40
04.05.2026,
13:30
06.05.2026,
15:00
08.05.2026,
15:22
Реклама
Реклама