Қайтейік енді
12.05.2026,
в 15:00
188
Былтыр елде 45 мыңнан астам ерлі-зайыпты ресми түрде ажырасқан. Алдыңғы жылдың статистикасымен салыстырғанда бұл едәуір көп, деп хабарлайды 24.kz.
Мәселені үкімет те білмей отырған жоқ. Жаңа Конституцияда да міндеттер жүктеліп, отау құруға қатысты шарттар нақты көрсетілді.
Елде ажырасу дерегі жиілеп барады. Былтыр 45 500 ерлі-зайыпты некесін бұзған. Бұл алдыңғы жылдағыдан 12 пайызға көп. Ұлттық статистика бюросының мәліметі осындай. Ажырасу деректерінің көбі Астана, Алматы қалалары мен Қарағанды облысында тіркелген. Шаңырақтың шайқалу себептері әртүрлі. Кәсіби медиаторлардың айтуынша, ең негізгісі қаржылай қиындық, тұрмыстық зорлық-зомбылық және лудомания болып тұр. Әлеуметтік желінің де тигізер зардабы аз емес.
2024 жылы – 40,6 мың, 2025 жылы – 45,5 мың, Алматы – 5 мың, Астана – 4,2 мың, Қарағанды облысы – 3,8 мың.
– Әлеуметтік желіде әр түрлі ақпарат таратылады. Оның тексерілгені бар, зерттелмегені бар, мысал үшін. Кейбір жағдайларда әр кісі әр түрлі кеңес береді. Рилстерде, инстраграмда болсын. Ол бір жағдайға сәйкес деп беріледі, бірақ ол қаншалықты зерттелген, қаншалықты рас?! Осындай факторлар әсер етеді отбасыларға, – дейді кәсіби медиатор, заңгер Нұрперзент БАЙСЕИТОВ.
Сонымен қатар қыз алып қашу арқылы отау құруға мәжбүрлеу және отбасы мүшелерінің құқығын тең сақтамау да жанжалға жиі апарып соғады. Медиация қызметіне жүгінген ерлі-зайыптыларға жан-жақты құқықтық кеңес берілгенімен бәрі бірдей шаңырақтың берекесін сақтап қалуға ынталы болмай шығады. Жаңа Конституцияда неке және отбасы саласына ерекше мән берілді. Онда неке деген – ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы болатыны жазылған. Ал балаға қамқорлық көрсету және тәрбиелеу – ата-ананың міндеті. Сондықтан бұл құжат отбасы институтын нығайтуға ықпал етеді, дейді Ассамблея жанындағы аналар кеңесінің өкілдері.
– Адамдарды зорлап отбасы ретінде ұстап отыру мүмкін емес. Медиактивті қызметтер жасалып жатыр, әрине. Десе де, осының алдын алу мақсатында отбасылық өмірге дайындау біздің, аналар кеңесі секілді әр түрлі ұйымдардың үлесіне тиетінін үлкен мәдени-ағартушылық миссия деп ойлаймын. Отбасы институтын нығайтуға қатысты шараларымыздың барлығы жаңа Конституцияда көрініс табуы бізді өте қуантады, – дейді Баян АХАТАЕВА, ҚХА аналар кеңесі төрағасының орынбасары.
Яғни әу баста отбасының іргетасын берік қалау маңызды. Ол үшін тәлім-тәрбие және заң талаптарымен шектелмей, әрбір азаматтың кәсіби білім алуына, құқықтық және қаржылық сауатын арттыруға мән берген жөн, дейді мамандар.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
10.05.2026,
10:00
09.05.2026,
18:00
08.05.2026,
15:22
06.05.2026,
18:00
Реклама
Реклама