Жамбыл облысында жүкті әйелін өлтірген ауыл тұрғыны сотталды

Қайтейік енді

08.08.2025,

  в 15:30

2046

Сотталушының кінәсі жан-жақты дәлелденсе де, ол кінәсін мойындамады

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жүктi жұбайын өлтіргені үшін айыпталған Ш.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта анықталғандай, 2024 жылдың тамызында Қордай ауданы, Масаншы ауылындағы үйінің ауласында сотталушы өзінің әйелімен жанжалдасып, жанжал барысында әйелінің жүкті екенін біле тұра, желкесіне пышақ ұрған.

Жүкті әйел сол жерде жан тапсырды.

Сотталушының кінәсі жан-жақты дәлелденсе де, ол кінәсін мойындамады.

Сот үкімімен Ш. ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ҚК 99-бабы 2-бөлігінің санкциясы мүлкi тәркiленіп немесе онсыз, 15 жылдан 20 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру не өмiр бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Бірақ сот кәмелеттік жасқа толмаған балаларының болуын жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды, ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: t.me/kzlsud.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!