Қызылордада өзіне және 6 мұғалімге негізсіз ақша аударған есепші сотталды

Новости

08.08.2025,

  в 15:25

103

Нәтижесінде мемлекетке 50 млн 918,5 мың теңгеден астам залал келтірген

Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы №99 орта мектептің есепшісі 2022-2024 жылдар аралығында артық аванстық төлемді өзінің және 6 сыбайлас мұғалімнің есепшотына жүйелі түрде негізсіз аударып отырған, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мәліметінше, бұл соманы бухгалтерлік есепте жасыру үшін танысымен бірге әрекет еткен.

— Нәтижесінде мемлекетке 50 млн 918,5 мың теңгеден астам залал келтірген. Қылмыстық іс бойынша 8 адамға қатысты Қармақшы аудандық сотының үкімі шықты. Соған сәйкес есепші 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның сыбайластарына 8 млн 422 млн теңгеге жуық қаражаттың өндірілуіне байланысты 3,5 жылдан 7 жылға дейінгі аралықта бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, — деді департаменттің тергеу басқармасының басшысы Медеу ТАУБАЙ.

Фото: Жамбыл облысының прокуратурасы.