Азия қазақтары жиналып, Токиода құрылтай өткізді

Қайтейік енді

30.05.2026,

  в 14:00

133

Жапония, Корея, Малайзия және Моңғолиядағы қазақтар меморандумға қол қойды

Азия елдерінің қазақтары Жапонияда бас қосты. Мұнда осындағы дипломатиялық өкілдік пен «Отандастар» қорының қолдауымен құрылтай өтіп жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Жапония, Корея, Малайзия және Моңғолиядағы қазақ диаспораларының көшбасшылары мен белсенділері өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жиынға келгендер өз елдеріндегі ұйымдардың атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ форумға осы өңірде тұратын қазақстандық кәсіпкерлер де келді. Моңғолиядағы «Арулар» қазақ әйелдері одағының жетекшісі Айнагүл САРАЙҚЫЗЫНЫҢ айтуынша, алғаш рет қазақ әйелі моңғол парламентінің құрамына енді. 

– Сол қазақтың қызы неге Парламентке отыруға болмайды? Иә, сол үшін біз күресіп, көп адамнан пікір алдық, саясат үшін көп жүгірдік . Олар сайланғалы 2,5 жыл уақыт болып қалды. Төрт ер адам, бір әйел. Сондай қазір бір министріміз бар, Әубәкір деген азамат бізде жанұя мәселесіне байланысты Еңбек министрлігінде министр және Ұлы Хуралдың депутаты, – дейді Монғолиядағы қазақ әйелдерінің «Арулар» одағының төрайымы Айнагүл Сарайқызы.

– Мақсатымыз – біз кәсіпкерміз, кәсіппен айналысамыз. Жапонияға келуіміз жаңа бір бизнес-идея көріп, адамдармен танысып, осы қазақтардың ауызбіршілігін құратын диаспорамен танысу, – дейді кәсіпкер Ақерке ІНКӘРБЕК.

Фото: видеодан кадр.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!