Новости
11.06.2026,
в 13:29
161
Ақтөбе қаласында 46 жастағы заңгер әйел криптовалюта мен алтын саудасына инвестиция салу арқылы жоғары табыс табуға болады деген уәдеге сеніп, ірі көлемдегі ақшасынан айырылды.
Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, екі бейтаныс адам жәбірленушіні өзін жоғары табыс әкелетін инвестициялық жоба ретінде таныстырылған криптовалюта мен алтын саудасына ақша салуға көндірген. Бір жарым жыл бойы әйел тұрақты түрде ақша аударып (18 млн теңге), уәде етілген пайдаға қол жеткіземін деп сенген. Алайда күткен табысын ала алмаған соң полицияға арызданған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері екі күдіктінің жеке басын анықтап, оларды полиция бөліміне жеткізді. Алдын ала мәліметтер бойынша, күдіктілердің инвестициялық қызметке ешқандай қатысы болмаған, ал жәбірленушіден алынған ақшалай қаражат өз қажеттіліктеріне жұмсалған.
Аталған дерек бойынша алаяқтық фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, қажетті тергеу әрекеттері атқарылып жатыр.
Полиция департаменті азаматтарға ескертеді: криптовалютаға, алтынға немесе өзге де қаржы құралдарына инвестиция салып, «кепілдендірілген жоғары табыс» табуға болады деген күмәнді ұсыныстарға сенбеңіздер. Әсіресе мұндай ұсыныстар әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы немесе бейтаныс адамдардан түссе, сақ болған жөн. Қаражат салмас бұрын компанияның қызметіне қатысты лицензиялары мен рұқсат құжаттарының бар-жоғын міндетті түрде тексеріңіздер және ресми қаржы ұйымдарының кеңесіне жүгініңіздер. Есіңізде болсын, қысқа мерзімде тәуекелсіз мол пайда табуға уәде беру – алаяқтардың ең көп қолданатын айла-тәсілдерінің бірі.
Фото: shutterstock.com.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
10.06.2026,
10:30
11.06.2026,
12:00
06.06.2026,
14:00
08.06.2026,
10:30
Реклама
Реклама