Қайтейік енді
06.07.2026,
в 14:00
271
Шымкентте бюджет қаражатын жымқырған жеке оқу орындарының құрылтайшысы сотталды. 52 жастағы әйел мүлдем оқымаған студенттерді тіркеп, олардың атына мемлекеттен қаржы алып отырған, деп хабарлайды Жетінші арна.
Ол аздай, грантта оқығандардан «ақылы бөлімде білім алып жатырсыңдар» деген желеумен заңсыз ақша жинап, мемлекет бөлген оқу ақысы мен шәкіртақысын да иемденген.
Бұған қоса, белгісіз азаматтарға колледждің атынан жалған құжаттар рәсімдеп, бюджет қаражатын заңсыз игерген.
Тергеу мәліметінше, ол мемлекетке 1 млрд 300 млн теңгеден астам шығын келтірілген.
Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, оны 10 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ оның бірнеше автокөлігіне, тұрғын үйлері мен пәтерлеріне, оның ішінде шетелдегі жылжымайтын мүлкіне де тыйым салынды.
– Оңтүстік Қазақстан Жоғары медколледжінде ақылы негізде оқыған студенттердің жалған бұйрықтары арқылы, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттер ретінде есепке алынғаны анықталды. Яғни студенттер өздері білмеген. Ақылы түрде оқып жатырмыз деп ойлаған. Алайда оларға мемлекеттік грант төленген, – деді судья Сырым ЖАҚСЫЛЫҚОВ.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
05.07.2026,
12:00
01.07.2026,
10:30
02.07.2026,
12:00
01.07.2026,
14:00
02.07.2026,
19:52
Реклама
Реклама