Lexus тебетін қазақ депутаты шыдамай, инвестор әйелді зорлап жіберді

Қайтейік енді

29.07.2026,

  в 15:00

238

Ерекең өзі ешқашан тыныш жүрмейтін депутат болатын

Түркістанда атышулы депутаттың басы тағы да дауға қалды. Бәйдібек аудандық мәслихатының депутаты, 43 жастағы Ерғали АМАНБАЕВ бұл жолы шетелден келген инвестор әйелді зорлады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Информбюро 31.

Қазір полиция халық қалаулысынан жауап алып, мән-жайды анықтап жатыр.

Бейресми ақпарат бойынша, депутат Байжансай ауылындағы кен орындарының әлеуетін көруге келген шетелдік қонақтарды қарсы алған. Алайда сапар барысыда күтпеген жағдай болған көрінеді. Яғни, халық қалаулысы 34 жастағы инвесторды көлігімен елсіз жерге апарып, жыныстық сипаттағы зорлық көрсеткен болуы мүмкін.

Айта кетейік, Ерғали Аманбаев былтыр да заң бұзғаны үшін 4 күн әкімшілік қамауға алынған. Ол қымбат көлігіне жалған мемлекеттік нөмір тағып, жолақты қиып, қарсы бағытқа шыққаны үшін жазаланған еді.

«Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті Шымкент қаласының тұрғыны. Ол қамауға алынды. Істің мән-жайын анықтауға бағытталған барлық шаралар жүргізілуде. Соның нәтижесіне сәйкес шешім қабылданатын болады», деп хабарлайды Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі.

Коллаж: ertenmedia.kz, фото: gov.kz.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!