Алматы әуежайында «ұлттық тағам» деп есек сүті сатылып жатыр

Қайтейік енді

01.08.2026,

  в 16:00

119

Жазба авторы әуежайдағы «Duty Free» дүкенінде түсірілген фотоны жариялады

Алматы халықаралық әуежайында есектің сүті сатылып жатыр. Тұрғындар өнімді дүкен сөресінен көріп, дабыл қаққан. Олар тауардың «халал» деген таңбамен саудаланғанына наразы, деп хабарлайды Информбюро 31.

Жазба авторы әуежайдағы «Duty Free» дүкенінде түсірілген фотоны жариялап, қарағандылық өндірушіні айыптаған.

Компания өкілдері есек сүтін өндіретінін растады. Дегенмен өнім отандық нарыққа емес, негізінен АҚШ пен Қытайға экспорттауға арналғанын жеткізді. Ал қаптамадағы «халал» жазуын техникалық қателік деп түсіндірді.

Өндіріс орны қазіргі сатылымдағы тауарларда бұл белгінің жоқтығын және есек сүті – бие мен түйе сүтінен бөлек жерде өңделетінін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта сатылымдағы, оның ішінде Duty Free дүкендерінде ұсынылған Donkey Milk өнімінің қаптамасында Halal белгісі жоқ. Ал «Ұлттық суперфуд» тіркесі сүттің әрбір түрі Қазақстанның дәстүрлі ұлттық өнімі болып табылады дегенді білдірмейді. Ол брендтің қазақстандық шығу тегін көрсететін маркетингтік ұғым ретінде қолданылады, деп хабарлайды Saumal Bio Tech» ЖШС баспасөз қызметі.

Фото: видеодан кадр.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!