Қайтейік енді
02.08.2026,
в 16:00
62
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде Қазақстан азаматтығын ақшаға сатып алғанын айтып, елді «жемқор мемлекет» деп атаған шетелдікке қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Қазақстан Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, әлеуметтік желілерде тараған видеода ер адамнан мемлекеттік тілді білуге арналған емтихан бар кезде Қазақстан азаматтығын қалай алғаны сұралады.
Бұған жауап ретінде ол «Қазақстанда бәрі сатылады» деп мәлімдеп, елді жемқор мемлекет деп атаған. Бірақ билігі қатты жемқор болса да, Қазақстан халқын мақтап, адамдары туралы жағымды пікір білдірген.
ІІМ аталған мәлімдеме авторының жеке басы анықталғанын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, ол – көршілес мемлекеттің азаматы.
Тексеру нәтижесінде оның Қазақстан азаматтығын ақшаға сатып алғаны туралы мәлімдемесі шындыққа сәйкес келмейтіні анықталған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта ІІМ шетелдік әріптестерімен бірлесіп қажетті тергеу және процессуалдық шараларды жүргізіп жатыр. Әзірге қылмыстық іс нақты қай бап бойынша тіркелгені және күдіктінің қай жерде жүргені жарияланған жоқ.
Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі азаматтарды тексерілмеген немесе көрінеу жалған ақпаратты таратпауға шақырды.
Фото: бейнежазбадан.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
28.07.2026,
10:30
29.07.2026,
10:00
27.07.2026,
12:00
27.07.2026,
10:30
30.07.2026,
18:00