Қазақстан мектептерінде Солтүстік Кореяның тәртібі орнайды

Қайтейік енді

27.08.2026,

  в 15:00

447

Бұдан былай талапқа бағынбайтын балаларға қатаң шара қолданылады!

Мұғалімдер жаңа оқу жылында мектепке боянып келетін қыздарды қатаң жазаламақ, деп хабарлайды Информбюро 31.

Ескертуді елемей, кірпік жабыстырып, тырнақ өсірген оқушылардың әрекетін арнайы комиссия қарап, есепке алады.

Жауаптылар тіпті ұл-қыздардың шаш үлгісін де бақылауға алмақ.

Биыл ұстаздар жаман ашулы: «талапқа бағынбайтын оқушы қыздарға қатаң шара қолданамыз» деп отыр. Шашын бояп, тырнағын өсіріп, кірпік жабыстырып келетіндерге бір-ақ рет ескерту беріледі. Екінші рет мектепке ата-анасын шақырып, соңғы ескерту береді. Оған да көнбесе, оқушының тәртібі арнайы комиссияда қаралады.

– Тырнақ та рұқсат етілмейді, жылтырақ, алтын немесе тағы да әртүрлі нәрселер тағуға да болмайды. Мектептің бекіткен формасын киіп, мектептің қойған талаптарына көніп, оқушылар тыныш жүруі керек. Егер белгіленген талаптар сақталмайтын болса, біріншіден, оқушының ата-анасы шақырылып, ескерту беріледі. Сосын сол білім ұйымы шаралар қабылдайды. Егер сол ескерту әрі қарай да орындалмайтын болса, – дейді Ақтау қаласы білім бөлімі басшысының орынбасары Римма ШАБИКОВА.

Бұл тыйымдардың ұлдарға да қатысы бар. Шашын өсіріп, форма кимей, сырға тағатын балаларды да жазаға тартамыз дейді жауаптылар.

Ата-аналар сала мамандарының шектеу қойғаны өте дұрыс дейді. Себебі, мектеп – сән көрсететін емес, білім алатын орта. Сондықтан оқушының сырт келбеті де оқу орнының тәртібіне сай болғаны жөн.

Мектеп формасына қатысты талаптың бірі – киімнің классикалық әрі ұстамды болуы. Қыздарға белдемше немесе шалбар, ұлдарға шалбар мен жейде кию міндетті. Ал белдемшенің нақты ұзындығы мен сырт келбетке қойылатын қосымша талаптарды мектеп ішкі тәртіп ережесінде бекітеді.

Фото: depositphotos.com.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!