Қайтейік енді
21.08.2025,
в 14:18
408
Жітіқара аудандық сотында У. есімді отандасымыз ойбайлап қалды. “Соттағыштар” ол кісіге “салық органында тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналыстың” деп шүйлікті.
2025 жылдың 16 шілдесінде өзінің Toyota көлігімен Жітіқара — Қостанай бағытында 4 жолаушыны тасып келе жатқан жүргізушіні Пригородное ауылында полицейлер тоқтатқан екен. Көліктегі жолаушылардың бірі жолақы үшін 5000 теңге төлеген түбіртегін көрсеткен соң, жүргізуші “заңсыз таксист” деген күдікке ілініпті.
У. не жеке кәсіпкер емес, не “таксист бола бастадым” деп мемлекетке бір ауыз хабар бермепті. Сонысына қарамай өз бетінше үндемей ғана адам тасып ақша таппақ болғаны – Қазақстанда “құқық бұзушылық” деп саналатын боп кеткелі қашан.
«Автомобиль көлігі туралы» Заң мен «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына» сәйкес, Қазақстандағы адам атаулының бәрі такси тасымалдаушысы ретінде қызметін бастар алдында «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңда белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органға қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.
Өйтпегендердің таксимен жолаушылар мен багаж тасымалдауына жол берілмейді.
Сонымен әлгі У. есімді кісіге 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Бірақ ҚР ӘҚБтК-нің 829-11-бабының 2-бөлігін қолдана отырып, сот салынатын айыппұл мөлшелерін отыз пайызға қысқартып, 41 286 теңге деп белгіледі.
У.-ды қайта құдайы сақтап, “автокөлікті тәркілеу” деген қосымша жаза қолданылмады.
Қаулы заңды күшіне енді.
Фото: pixabay.com.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
16.08.2025,
16:08
17.08.2025,
17:30
18.08.2025,
20:29
20.08.2025,
09:00
18.08.2025,
13:10
Реклама
Реклама