Қайтейік енді
22.08.2025,
в 12:53
148
Тарбағатайды жайлаған жұрт жапырыла көшіп жатыр. Өйткені жайлауда отыра беру қауіп болып барады, деп хабарлайды 24.kz.
Мал-жанға аю маза бермей тұр. Енді қайпек керек? Малға ауыз салған жыртқыш адамға шаппай ма? Одан құтылудың жолы қайсы? Жалпы аюды атуға бола ма әлде болмай ма?
“Қорбаңдаған қоңыр аюдан өрістегі қой, табын сиыр, үйір-үйір жылқы үркіп, төр жайлаудан бұзыла көштік”. Ақсуаттық шаруа осылай дейді.
Тарбағатайдың баурайында қар жауғанша отыратын жұрт, суыр інге кірмей жайлаудан көшті. Оған себеп қотанды аңдыған қоңыр аю.
— Елде аюдың екі түрі бар. Бірі Тянь-шань аюы, екіншісі қоңыр аю. 2024 жылғы санақ бойынша Шығыста 3066 қоңыр аю көзге іліккен. Енді жұрт ашынған аюды азайтпасақ, мал түгілі жанға қиын бола ма деп алаңдаулы, — дейді кәсіпкер Қуаныш Қойлыбаев.
— Иә, аюды атуға болмайды емес болады. Ол үшін алдымен рұқсат керек. Аталықтар мен қысыр қалған кірекейді енді екі жетіден соң, яғни қықүйектің алғашқы сенбісінен қарашаға дейін, көтемде 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында аулауға болады. Ал малшының өзіне немесе малына қауіп төнсе рұқсат алмай-ақ, аң аулау мерзімдеріне қарамастан атуға жол беріледі. Тек малшы оны аумақтық инспекцияға дәлелдеуі тиіс, — дейді аңшы Ерзат Байқадамов.
Қорбаңдаған қоңыр аюды оңды-солды қыра беруге тағы болмайды. Өз бетінше атқандарға заң қатал.
Рұқсатсыз аю атқандар келген залалға қарай 3000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлейді немесе 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Фото: 24.kz.
Реклама
16.08.2025,
16:08
17.08.2025,
17:30
18.08.2025,
20:29
20.08.2025,
09:00
18.08.2025,
13:10
Реклама
Реклама